Қарашаның 1-нен 2-сіне қараған түні Нұр-Сұлтан әуежайына 674 жолаушы ұшып келді. Оның ішінде ПТР-тест анықтамасы жоқ 35 жолаушы карантин стационарына жеткізілді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Қарашаның 1-нен 2-не қараған түні Нұр-Сұлтанға Air Astana, Belavia, Turkish Airlines әуе компанияларының 5 ұшағы келіп қонды. Осы ұшақтармен 674 жолаушы келіп, ПТР анықтамасы болмаған 35 жолаушы стационарға жеткізілген. Олар ПТР тестен өткеннен кейін коронавирус анықталмаса - үйіне, анықталса - инфекциялық стационарға жатқызылады.
Еске сала кетсек, бұған дейін Шығыс Қазақстан облысындағы эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру мақсатында ведомствоаралық комиссияның төрағасы бірқатар шектеу шарасын енгізуді тапсырды:
2 қарашадан бастап Өскемен қаласына кіру және шығу бойынша әуе қозғалысын азайту: Нұр-Сұлтан қаласына/нан— аптасына 17-ден 7 рейске дейін;
Алматы қаласына/нан — аптасына 14-тен 7 рейске дейін; Шымкент қаласына/нан — аптасына 2-ден 1 рейске дейін;
2 қарашадан бастап Нұр-Сұлтан – Өскемен бағыты бойынша теміржол қатынасын аптасына 3-тен 1-ге дейін;
Алматы – Өскемен бағыты бойынша аптасына 7-ден 3-ке дейін қысқарту.
Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы мемлекеттік органдармен бірге коронавирус инфекциясының алдын алу үшін нақты шаралар кешенін жүзеге асыруда:
● Жолаушылар міндетті түрде термометриядан өтуі керек. Ол үшін тепловизорлық смарт-камералар қолданылады.
● Жолаушылар терминалында тәулік бойы санитарлық-карантиндік бекет бригадалары кезекшілікте жүреді.
● Ішкі және халықаралық рейстерде ұшу және қону аумағытарында жолаушыларға арналған санитайзерлер орнатылған.
● Жолаушыларды тіркеу, сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының аумағында 1,5 мтерлік әлеуметтік қашықтықты қамтамасыз ету тәртібі еденде нақты сызбамен көрсетілген.
● Әуежайдың ішкі аумағын арнайы дезинфекциялық құралдарды пайдалана отырып, санитарлық өңдеу жиілігі артты. Вирусқа қарсы белсенділікке ие антисептик қолданылады.
● Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайына келетін әуе кемелерінің бәрі де дезинфекциялық өңдеуден өтеді. Сонымен қатар тұрақты түрде жолаушыларға қызмет көрсететін техникада дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі.
● Коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу бойынша әуежай қызметкерлерімен нұсқаулық жүргізіледі.