21 жел, 2021 сағат 16:49

Нұр-Сұлтанда ондаған мектепке танымал тұлғалардың есімі беріледі


Үкімет Нұр-Сұлтан қаласының кейбір білім беру ұйымдарына танымал тұлғалардың атын беру туралы қаулы әзірледі, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Ашық НҚА" сайтында жарияланған құжатқа сәйкес, 8 мектепке қоғам және саяси қайраткерлердің есімін беру жоспарланып отыр. Олар:

№ 11 мектеп-лицейге – Өзбекәлі Жәнібеков;

№ 49 орта мектепке – Қошке Кемеңгерұлы;

№ 69 мектеп-гимназиясына – Кемел Ақышев;

№ 2 балалар музыка мектебіне – Роза Бағланова;

№ 3 балалар музыка мектебіне – Ермек Серкебаев;

№ 66 мектеп-лицейге – Дінмұхамед Қонаев;

№ 77 мектеп-гимназиясына – Фариза Оңғарсынова;

№ 83 мектеп-гимназиясына – Ыбырай Алтынсарин.

Қаулының жобасы 23 желтоқсанға дейін қоғамдық талқылауға шығарылып отыр. Ал қол қойылғаннан кейін заңды күшіне енеді.