29 жел, 2021 сағат 13:28

Нұр-Сұлтанда коронавирустың дельта плюс штамы анықталды


Елордада коронавирус инфекциясының «дельта плюс» штамы анықталды. Бұл туралы қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Сархат Бейсенова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Республика аумағында COVID-19 штамы айналымына мониторинг жасау екі айда бір рет жүргізіліп отырады. Желтоқсан айының басында жүргізілген зерттеу нәтижелерінің соңғы мәліметтеріне сәйкес, елордада «дельта» және «дельта плюс» штамы айналымда жүр», - деді ол қала әкімдігінде өткен баспасөз мәслихатында. 

Сонымен қатар ол нақты деректерге де тоқталып өтті. 

«Бүгінде елордада «дельта» штамы 47 пайыз, ал «дельта плюс» штамы 41 пайыз айналымда жүргені анықталып отыр», - деді Сархат Бейсенова.