Нұр-Сұлтан полицейлері "қасқыр" түсірілген видеоға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Полиция мәліметінше, биыл 27 желтоқсанда сағат 21:00-де "102" арнасына қала тұрғыны Панфилов көшесінде қасқыр жүргенін айтып, қоңырау шалған. Тұрғынның айтуынша, қасқыр сол жерде итті талап тастаған.
"Жасақ оқиға орнына барған соң факт расталды, полиция қызметкерлері жақындаған кезде жануар шабуыл жасамақ болған, осыған байланысты қызметтік қару қолданылған. Оқиға орнына шақырылған Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "Астана ветсервис" қызметкерлері жануарларды тексеріп, олар қаңғыбас ит екенін анықтап, арнайы көлікпен алып кетті", - делінген хабарламада.