Нұр-Сұлтанда жолаушылар тасымалдайтын автобустарда, базарларда және басқа да адамдар көп жиналатын жерлерде жүретін қалта ұрылары ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz қалалық полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тәртіп сақшылары мәліметінше, бірнеше рет сотталған 27 және 33 жастағы күдіктілер елордаға Семейден келген.
"Полицейлер олардың қала аумағында бір айда сегіз қалта ұрлығын жасағынын дәлелдеді. Қала тұрғындары арыз түсірген. Барлық жағдайда қаскүнемдер бір схема бойынша әрекет етті: қоғамдық көлікте, базарларда, сауда үйлерінде және адамдар көп жиналатын басқа орында алдын ала таңдалған адамға жақындап, ұялы телефондарын ұрлап кеткен", - делінген хабарламада.