11 там, 2021 сағат 23:15

Нұр-Сұлтанда ер адам бесінші қабаттан құлады


Нұр-Сұлтанның сол жағалауындағы үйлердің бірінде ер адам бесінші қабаттан құлап, ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«11 тамыз күні сағат 18.28-де полицияның 102 нөміріне түрлі жарақаты бар ер адамның ауруханаға жеткізілгені туралы ақпарат келіп түсті. Полиция қызметкерлері оқиғаның Достық көшесінде болғанын, онда 34 жастағы ер адамның 5-ші қабаттың терезесінен құлап кеткенін анықтаған. Оқиға кезінде ер адам үйде жалғыз болған», - деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті. 

Департаменттің хабарлауынша, аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.