22 жел, 2020 сағат 10:05

Бүгін Нұр-Сұлтанда барлық жаңажылдық шырша жағылады

Бүгін сағат 20:00-де Нұр-Сұлтанда қаланың барлық жаңа жылдық шыршалары жанады, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.

Олардың саны 30-дан асады. Хабар телеарнасы «Ғажайып шырша» қысқаметражды фильмін 19:50-де көрсете бастайды, ал 20:00-де ЭКСПО-да орналасқан бас шыршаны жағуға дайындалған бейнеролик көрсетіледі.

Он минуттық фильмнің өзі бірнеше новелладан тұрады: игі істер, жануарларға деген сүйіспеншілік пен қамқорлық, ата-аналарға деген құрмет пен қамқорлық, отбасылық құндылықтар.

Сондай-ақ, 22 желтоқсанда «Үйдегі шыршаны безендіру» флешмобы аясында азаматтарды 22 желтоқсанда сағат 20.00-де өз үйлерінде шыршаны жағуға қатысуға шақыратын бейнеролик жарияланды. Бұл флешмобқа кез келген адам телефонға видео немесе фото түсіріп, әлеуметтік желілерге орналастыра отырып, Нұр-Сұлтан әкімдігінің парақшасын белгілей отырып, #Мейірімдіболуәдет, #Добротаобразжизни, #Моднобытьдобрым хэштегімен жариялай алады.

Жаңа жыл қарсаңында елорда тұрғындары үшін бейнеқұттықтаулар ұйымдастырылады. Оған танымал адамдар, қазақстандық эстрада жұлдыздары, актерлер және т.б. қатысады.