Елордада 9 мекеме карантин талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" қала әкімдігіне сілтеме жасап.
Елорданың мониторинг топтары тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істеп жүр.Кеше 24 тамызда карантин шектеуін сақтамаған 9 кәсіпкерлік нысан анықталды.
Есіл ауданында белгіленген жұмыс режимін «Lavash food» фаст-фуд пункті мен «Opus One» дәмханасы бұзды. Осыған ұқсас жағдай Алматы ауданында орналасқан үш мекемеде анықталды: «Атом» компьютер клубы, «Карима» палау орталығы, «Ереймен» мейрамханасы.
«Doner House» фаст-фуд және Байқоңыр ауданындағы «Bistro» дәмханасында, сондай-ақ Сарыарқа ауданындағы «Көктал парк» дәмханасында және «Мята» лаундж-барында тиісті талаптар бұзылды.
Айта кетейік, тәртіп бұзушыларға қатысты жиналған материалдар әкімшілік шаралар қабылдау үшін санитарлық-эпидемиологиялық бақылау саласындағы уәкілетті органға тапсырылды.