28 және 30 тамыздан бастап елордада кейбір шектеу шаралары жеңілдетіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысында айтылған.
Атап айтсақ, 28 тамыздан бастап:
- демалыс күндері «Ashyq» жобасына қатысатын объектілердің бәрінде жұмыс уақыты сағат 00.00-ге дейін, «Ashyq» көшбасшыларының жұмыс уақыты сағат 02.00-ге дейін ұзартылады.
«Жасыл мәртебе» талабы облысаралық және облысішілік тұрақты тасымалға, отельдерге, қонақүйлерге, әуежайларға, теміржол вокзалдарына, білім беру объектілеріне, ЖОО, колледждерге, интернаттарға, білім беру ұйымдарының жатақханаларына қолданылмайды», - деп жазылған құжатта.
Сондай-ақ, сенбі күндері қалаішілік қоғамдық көліктің жұмысына рұқсат берілмек.
Ал 30 тамыздан бастап Ashyq жобасына қатысатын бизнес объектілердің бәріне жұмыс уақытын жұмыс күндері сағат 22.00-ден 00.00-ге дейін, «Ashyq» көшбасшылары үшін сағат 00.00-ден 02.00-ге дейін ұзартылады.