05 шіл, 2022 сағат 18:18

Нұр-Сұлтан орталығындағы "ҚазМұнайГаз" кешені аукционға қойылды


Нұр-Сұлтандағы "ҚазМұнайГаз" АҚ штаб-пәтері электрон сауда алаңында 11,7 миллиард теңгеге аукционға қойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ-ның мүліктік кешені (В, С, Е блоктарынан тұратын әкімшілік ғимарат), Нұр-Сұлтан қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 19-үй мекенжайы бойынша орналасқан. Бағалау құны: 11 726 860 000 теңге. Бағалау күні: 2021 жылғы 30 қыркүйек", - делінген сатылу нысанының сипаттамасында.

Фото: Электрон сауда алаңы

Нысанның жалпы ауданы - 24 жер учаскесі 21 316 шаршы метр. Бұл 0,543 гектар жерде орналасқан. Бағалаушы – Crowe Tax and Advisory KZ ЖШС.

20 қабатты кешен кеңсе және қосалқы бөлмелерден тұрады. Ғимаратта асхана мен мейрамхана бар. Бұл бағаға жер телімдері, күзет бекеттері, тротуарлар мен автотұрақтар кіреді.

Сауда-саттық 31 тамызда басталады. Аукцион бағаны көтеру форматында өтеді.

Еске салайық, 16 наурызда Петропавл әуе айлағы сатылымға шығарылған еді. Әуежайдың бастапқы құны - 5,6 миллиард теңге.