14 қаң, 2021 сағат 20:10

Нұр-Сұлтан «қызыл» аймаққа кірудің алдында тұр – бас санитар

Елорда «сары» мен «қызыл» аймақтардың түйіскен тұсына келді. Қазіргі уақытта «қызыл» аймаққа өтіп кетудің алдында тұр. Бұл туралы қаланың бас санитар дәрігері Сархат Бейсенова мәлімдеді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Қалалық әкімдіктің мәліметіне сенсек, соңғы күндері COVID-19 инфекциясын жұқтырушылар саны 100 адамнан асып жығылатыны белгілі. 

«Бірінші кезекте, бұл тәулігіне тапсырылатын тест санының артуына байланысты. Егер бұрын 2-2,5 мың адам тапсырса, қазір тәулігіне 4,5 мыңға дейін жетеді. Сонымен қатар, жаңажылдық мерекелерден кейін инкубациялық кезең өтеді. Яғни, санитарлық нормаларды елемеген адамдар бар. Енді бағытты түзеп, коронавирустың таралуын азайту керек. Бұған бізге карантиндік шектеу шаралары айтарлықтай көмектеседі. Қазір қосымша карантиндік шаралар енгізу туралы жаңа қаулы дайындап жатырмыз. Бұл қаланың әртүрлі аудандарында коронавирустың таралу ошақтарын оқшаулауға көмектеседі», - дейді қаланың бас санитар дәрігері Сархат Бейсенова. 

Қаланың санитар дәрігері санитарлық нормаларды қатаң сақтау қажеттігін, осы ғана бүкіл ағзаның жұмысына теріс әсер ететін ауруға қарсы панацея саналатынын атап өтті.

«Коронавирус адамның ең әлсіз мүшелеріне әсер етеді. Бұл әсіресе артерияларда, тамырларда және өкпеде қан ұйығыштардың (тормб) пайда болуына әкеледі. Сондықтан өз денсаулығыңызды да, жақындарыңыз бен айналаңыздағы адамдардың денсаулығын да ойлау керек», - деді Сархат Бейсенова.