12 там, 2020 сағат 18:25

Нұр-Сұлтан қаласында мұғалімдер жетіспейді

«Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов қала мектептеріне мұғалімдер жетіспейтінін айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Мұғалімдер тапшылығы бар. Қала тұрғындарының саны артып келе жатыр, яғни жыл сайын өсім бар. Сәйкесінше, мектепке баратын бала саны да артып келеді. Сондықтан бұл салада біршама жүктеме бар», - деді елорда әкімі «Astana» телеарнасына берген сұхбатында. 

Оның сөзіне қарағанда, 22 мектеп шамадан тыс толығып отыр, ал 8 мектеп үш ауысымда. 

«Қазіргі кезде бізде кем дегенде 500 мұғалім жетіспейді. Сонымен қатар дәрігерлер тапшылығы бар, былтыр 400 дәрігер жетіспеген еді. Коронавирус бұл тапшылықты ушықтырып жіберді. Барша әлем осы дағдарысты еңсеріп жатыр», - А. Көлгінов.