SCAT әуе компаниясының ұшағы «Нұрсұлтан-Алматы» рейсін орындау кезінде құспен соқтығысып қалды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Рейсті орындау кезінде экипаж бөгде шуылды естіді. Ұшу кезінде қозғалтқыштардың параметрлері норманы көрсетті. Ұшақ экипажы Алматы әуежайының диспетчеріне хабарласты. Ұшу және қону штаттық режимде өтті», - деп хабарлады компаниядағылар.
Ұшақты тексеру кезінде құстың іздері анықталды. Әуе кемесі бүлінген жоқ. Қазіргі уақытта әуе кемесі техникалық қызмет көрсету талаптары белгілеген диагностикадан өтіп жатыр.