18 там, 2020 сағат 11:10

Nur Otan праймеризіне қатысуға 55 алматылық ниет білдірді

Алматыда праймеризге қатысуға 55 адам ниет білдірді. Оның ішінде көпбалалы аналар да бар. Бұл туралы шаһар басшысы Бақытжан Сағынтаев Facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Құрметті алматылықтар! Өздеріңіз білетіндей, кеше Қазақстанда Nur Otan партиясының праймеризіне қатысуға өтінім қабылдау басталды. Бұл — мәслихат мен Мәжілістің негізгі сайлауына мықты әрі креативті кандидаттарды анықтауға көмектесетін партия ішіндегі рәсім»,– деп жазды әкім. 

Сонымен қатар, алматылық жастар үшін бұл өз идеяларын жүзеге асыруға үлкен мүмкіндік екенін атап өтті.

«Алматы – жастар қаласы. Әрі оның елдің саяси және экономикалық дамуы үшін маңызы аса зор. Сондықтан бұл алматылық жас буын өкілдеріне өз үлестерін қосып, өз идеяларын жүзеге асыруына үлкен мүмкіндік»,– дейді әкім.

Праймеризге қатысуға 55 алматылық ниет білдірген.

«Бірінші күні-ақ праймеризге қатысуға 55 алматылық ниет білдірді. Соның ішінде 38%-ы әйелдер, 21%-ы жастар. Сондай-ақ олардың ішінде ерекше қажеттіліктері бар адамдар мен көпбалалы аналар бар»,– деп атап өтті шаһар басшысы.

Партия құндылықтарын бөлісетін және сайлау құқығына ие мемлекеттің тағдырына бейжай қарамайтын кез келген адамның праймеризге қатысуына болады.