26 там, 2019 сағат 15:45

Nur Otan партиясында кадрлық ауыс-түйіс болды

«Nur Otan» партиясы аппаратының басшысы қызметіне Әнуар Өскенбаев тағайындалды. Бұл жайында «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Twitter-дегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әнуар Өскенбаев партия орталық аппаратының басшысы болып тағайындалды. Ол әр жылдары Есеп комитетінде жұмыс істеп, партияның Аудит қызметін басқарды. Аймақтық тәжірибесі де мол. Оның Елбасының қайта жандандыру жөніндегі тапсырмаларын орындауға үлкен үлес қосатынына сенімдімін», - деп атап өтеді Б.Байбек.