24 жел, 2020 сағат 09:59

«Nur Otan»: Медициналық мекемелердің материалдық-техникалық базасы нығаймақ

Бүгін қалалық мәслихат депутаттығына үміткер Наргиза Керімбаева ақ халатты жандармен кездесіп, "Nur Otan" партиясының Денсаулық сақтау саласы бойынша бес жылдық бағдарламасын таныстырды.

Оның негізгі бағыттарын үміткер төмендегідей таныстарып өтті:

✅ жедел жәрдем станциясына күрделі жөндеу жүргізіледі;

✅ медициналық мекемелердің материалдық-техникалық базасы нығайтылады

✅ 1000 орындық замауи импорттық жабдықпен жарақтандырылған көп салалы аурухана пайдалануға беріледі;

✅ 10 медициналық мекеме салынады;

✅ 12 дәрігерлік амбулатория салынады;

✅ №2 аурухана, қалалық перзентхана, "Ана мен бала" орталығы және №1 емхана жөндеуден өтедіі;

✅ жыл сайын әлемнің жетекші мамандарымен шеберлік сыныптары өткізіледі;


Медициналық көмектің сапасын арттыруға бағытталған бағдарламаның басқа да көптеген тармақтары бар. Бағдарламамен танысқан сайлаушылар партия бағдарламасын оң қабылдады.

Одан әрі медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру, ауруханаларда медициналық жабдықтарды уақтылы жаңарту, сертификаттар алу жөнінде түйткілді мәселерді партия назарына ұсынды. Барлық сұрақтар тыңдалып, тізімге алынды. Алдағы уақытта аталған өзекті сұрақтар партия ықпалымен өз шешімін табатын болады.

Қаланың Сайлауалды бағдарламасында тұрғындардың лайықты өмір сүруі үшін барлық салалар қамтылып, күрмеуі қиын мәселелердің шешілу жолдары қарастырылған. Бұл жолда біз көздеген мақсатымыз бен арманымызға бірге жетеміз!

«Nur Otan» – нақты істер партиясы!

Шымкент қаласындағы "Nur Otan" партиясының сайлау қорының қаражатынан төленді.