01 сәу, 2019 сағат 14:51

Nur әлде Kz? Министрлік желіде тараған ақпаратқа қатысты түсініктеме берді

Ішкі істер министрлігінің әкімшілік полиция комитеті желіде автокөлік нөмірлеріне қатысты тараған ақпараттың жалған екенін хабарлады, деп жазады Sputnik.

Желіде автокөліктің мемлекеттік тіркеу нөмірлеріне қатысты тарап жатқан ақпарат қазақстандықтарды шулатты. Онда қосымша ақша төлеп, KZ-тің орнына NUR символдары жазылған мемлекеттік нөмір белгісін сатып алуға болатыны жайлы жазылған.

"Бұл үшін мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына жүгініп, өтініш беріп, 5700% АЕК (143 925 теңге) мөлшерінде мемлекеттік баж төлеу керек. Еске саламыз, бұл нөмірлердің әдеміліктен басқа артықшылығы жоқ", - делінген хабарламада.