25 қар, 2021 сағат 17:05

Ноғаев Маңғыстау облысындағы орташа жалақыны атады


Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев өңірдегі орташа жалақыны айтты, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

"Статистикаға сүйенсек, облыстағы орташа жалақы - 350 мың теңге. Бұл - республикадағы орташа деңгейден жоғары. Мұнай-газ саласында басқа салалардан айтарлықтай жоғары жалақы алады. Сондықтан көрсеткіштер осындай", - деді Ноғаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында журналистер сұрағына жауап беріп.

Сонымен бірге, облыс әкімі өз жалақысына қатысты сауалға да жауап берген болатын.

«Мен де өзге әріптестерім секілді арнайы бекітілген тарифтік көрсеткіштегі жалақыны аламын», - деді Ноғаев.