15 сәу, 2022 сағат 09:38

Нил Мэгни Шавкат Рахмоновпен жекпе-жек өткізетінін растады


Америкалық Нил Мэгни UFC-де қазақстандық Шавкат Рахмоновқа қарсы жекпе-жек өткізетінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұған дейін екі спортшының жекпе-жек өтетін күні белгілі болған еді, "гаитилік сенсация" лақап атымен танылған Мэгни жекпе-жекке қызығушылық танытқанын растады.

"Нил Мэгни жеңілмейтін Шавкат Рахмоновпен кездеседі", - деп жазды әлеуметтік желідегі парақшасына. 

Сәлден кейін ол жазбаны: "Бұл тағы да біз!" деп өзгертті.