13 қар, 2024 сағат 11:32

"Несие тарихын жақсартып береміз": БҚО-да интернет-алаяқтықпен айналысқан топ ұсталды

Фото: ІІМ

Ұсталғандар жалпы сомасы 45 млн теңге қаражатты алаяқтық жолмен жымқырғаны үшін айыпталуда, деп хабарлайды Ult.kz Ішкі істер министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Күдіктілер Қызылорда облысының әлеуметтік желі пайдаланушыларына “несие тарихын жаңғыртып, ақша алуға арналған бағдарлама жасаймыз” деген жалған ақпарат таратып, өздерінің интернеттегі IP-мекенжайларын және банктік есепшоттарын бүркемелеп, ақша аудартқан.

Прокуратураның үйлестіруімен жүргізілген арнайы жедел тергеу іс-шаралары барысында Қызылорда облысының полиция қызметкерлері республика көлемінде интернет алаяқтықпен айналысып, жәбірленушілерге аса ірі мөлшерде зиян келтірген.

"Тергеу барысында айғақ заттар ретінде 16 телефон, бірнеше қолданылған SIM-карталар, Роутер құрылғысы және 3,5 млн теңге көлемінде ақша тәркіленді", - делінген хабарламада.


Соттың шешімімен күдіктілерге екі ай мерзімге “күзетпен ұстау” бұлтартпау шарасы тағайындалды. Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша қажетті тергеу амалдары жалғасып жатыр.