02 там, 2022 сағат 22:38

Нэнси Пелоси мәлімдеме жасады

Фото: © AP Photo / J. Scott Applewhite

АҚШ Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелоси Тайваньға келгеннен кейін жазбаша мәлімдеме жасады. Онда аралға сапары "Тайвань демократиясын" қолдаудағы "Американың адалдығы" екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі RT арнасына сілтеме жасап.

Пелосидің баспасөз қызметі өкілі бұл оның Тайваньға 25 жылдағы алғашқы ресми сапары екенін айтты.

"Конгресс делегациясының Тайваньға сапары қарқынды дамып келе жатқан Тайвань демократиясын қолдаудағы Американың ұмтылысын көрсетеді", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, мәлімдемеде бұл сапар "АҚШ-тың ұзақ жыл бойы жүргізген саясатына қайшы келмейтіні" және "АҚШ-Қытай коммюникесіне" сәйкес келетіні айтылған.

Еске салайық, бұған дейін Пелоси ұшағы Тайвань әуежайына қонған болатын.