20 жел, 2019 сағат 14:45

Негізгі басымдықтарға назар аударуымыз керек - Расул Жұмалы

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің екінші отырысының кулуарында саясаттанушы Расул Жұмалы әлі де атқарылатын жұмыстар жетерлік екенін атап өтті, деп хабарлады "Ұлт ақпарат".

«Бүгінгі отырыста айтылған мәселелер үлкен үміт арттырады. Әрине, көтеретін, көтерілуге тиіс мәселелер өте көп. Жүздеп, мыңдап айтуға болады. Мемлекет басшысы айтып өткендей, барлық өзекті мәселелерді біз 1-2 айдың ішінде жүзеге асырып үлгермейміз. Қолымыздан келмейді. Негізгі басымдықтарға назар аударуымыз керек. Саяси жаңғыртуға қатысты 4-5 заң назарда болады. Олар шын мәнінде қабылданатын болса, көптеген басқа мәселелерді артынан сүйреп кететіндей әлеуетке ие», - деді ол.

Саясаттанушы ол сайлауға митинг пен саяси партияларға, баспасөз бостандығына қатысты мәселелер екенін айтты.

«Олар белгілі бір деңгейде шешілетін болса, артынан тілге, дінге, жемқорлыққа қатысты мәселелерді шешуге жақсы бастама береді. Ұлттық кеңестің екінші отырысында сөзден іске көшкенімізге куә болып отырмыз», - деді ол.