10 қар, 2017 сағат 10:43

Назарбаев сыртқы барлау қызметкерлеріне мерейтойлық медаль шығаруға қаулы етті

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев сыртқы барлау қызметкерлері үшін медаль шығару туралы қаулы етті. Қаулы "Әділет" нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүейсінің сайтында жарияланған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ҚР сыртқы барлау саласындағы өкілетті органның құрылуына 20 жыл толуына орай Елбасы "Қазақстан Республикасының Сыртқы барлау қызметіне 20 жыл" медалін жасауға қаулы етті.

Марапаттау ережелері бойынша, "Сырбар" Сыртқы барлаудағы қызметі 20 жылдан кем емес, қызметтік міндетін үлгілі атқарған қызметкерлер, сыртқы барлау қызметінің зейнеткерлері және Қазақстан Республикасының сыртқы барлау қызметіне еңбек сіңірген өзге де тұлғалар марапатталады. Медаль ҚР Президенті атынан табысталады.