Елбасы Қазақстан Республикасының «Сырбар» сыртқы барлау қызметінің директоры Ғабит Байжановты қабылдады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақордаға сілтеме жасап.
Кездесу барысында Қазақстан Президентіне сыртқы барлау қызметінің қазіргі жұмысы және алдағы кезеңге арналған жоспарлары туралы мәлімделді.
Мемлекет басшысы кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.