Бүгін ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев арнаулы мәлімдеме жасайды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақордаға сілтеме жасап.
"Бүгін сағат 21.00-де республикалық телеарналар арқылы Мемлекет басшысының арнаулы мәлімдемесі жарияланады", - делінген Ақорданың хабарламасында.
25 қаңтарда Қазақстан Президенті қазақстандықтарға арнайы үндеу жасаған болатын. Президенттің билік тармақтарын үлестіру мәселелері бойынша үндеуі телеарналар эфирінде таратылды.