05 мау, 2022 сағат 11:45

Назарбаев референдумда дауыс берді


Тұңғыш Президент Нұрсұлтан референдумда дауыс берді. Бұл туралы оның баспасөз хатшысы Айдос Үкібай мәлімдеді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

"Нұрсұлтан Назарбаев жалпыхалықтық референдумда Қазақстан Республикасының Конституциясына түзетулер мен толықтырулар енгізу мәселесі бойынша дауыс берді", - деп жазды баспасөз хатшысы Twitter-де.

Бұған дейін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та референдумда дауыс берген болатын.