16 нау, 2017 сағат 19:42

Назарбаев мерзімінен бұрын сайлау өткізу туралы сұраққа жауап берді

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Парламент депутаттарының мерзімінен бұрын сайлау өткізу туралы сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды kaz.tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.  

"Жақсы бір сөз бар: жаңа сайлаудан кейін және үйленуден кейін керегіңді ала алмайсың. Неге адамдар сайлаудың болғанын қалайды? Парламент 2021 жылға дейін сайланды, ол өз мерзімін толығымен атқарады", - деді Назарбаев журналистердің қойған сұрағына.

Әңгіме барысында Мемлекет басшысы журналистермен кездесу барысында қазіргі күн тәртібіндегі мейлінше өзекті сауалдарға жауап берді.

Еске салайық, Кездесуге қатысушылар "Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік" атты жолдауды іске асыру аясында ел экономикасын трансформациялау үдерісінің бірқатар аспектілерін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерін, қазіргі саяси жаңғыру кезеңінің ерекшеліктерін, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретіндегі Қазақстанның сыртқы саяси басымдықтарын, сондай-ақ басқа да маңызды жайттарды талқылады.

Кездесуге "Қазақстан", "Хабар", "МИР" телеарналарының, "Айқын" газетінің, "Esquire" журналының, "Қазақпарат" ақпарат агенттігінің журналистері қатысты. 

Сонымен қатар, ҚР Президенті кадр тағайындаудағы мәселелер жайында айтып берді.