23 шіл, 2019 сағат 16:26

Назарбаев МАГАТЭ басшысының отбасына көңіл айтты

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев МАГАТЭ-нің бас директоры Юкия Аманоның қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.

Назарбаев Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің бас директоры Юкия Аманоның қайтыс болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады, деп хабарлады Елбасының ресми сайты.

"Қазақстан Республикасы мен Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік арасындағы тығыз ынтымақтастық Юкия Аманоның жан-жақты қолдауының арқасында мүмкін болды. Қайғыларыңызға ортақтаса отырып, Амано мырзаның отбасына, агенттік ұжымына және Жапон үкіметіне көңіл айтамын", - делінген жеделхатта.

Назарбаев Юкия Аманоны беделді және халықаралық қауіпсіздіктің нығаюына орасан зор еңбек сіңірген тарихи тұлға ретінде әрдайым есте сақтайтынын атап өтті.