24 мау, 2022 сағат 17:46

Назарбаев қорының меншігіндегі банк мемлекетке қайтарылатын болды


Jusan bank акцияларын мемлекетке қайтару жөніндегі келіссөздер оң нәтижемен аяқталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz DALA инсайд Telegram-каналына сілтеме жасап.

Назарбаев қоры тарапымен өткен ауыр келіссөздер нәтижесінде Jusan bank-тің мемлекетке қайтуы бойынша жағымды шешім қабылданғанын хабарлады. Есесіне Самат Әбіш пен Қайрат Сатыбалды аса қатты қудаланбауы тиіс, - делінген DALA инсайд хабарламасында.

Айта кетейік, Jusan bank (кезіндегі Цеснабанк) мемлекеттен 1,5 триллион теңге қаржылық қолдау тапқан. Оның акционері First Heartland Securities АҚ (Назарбаев қорына бағынады) 2020-2021 жылдары банктен 113 миллиард теңгені дивиденд ретінде шығарып алған.