Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Конституцияның 26-бабын өзгеріссіз қалдыруды ұсынды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорданың твиттердегі парақшасына сілтеме жасап.
Билік тармақтары арасындағы өкілеттікті қайта бөлу жөніндегі жұмыс тобының отырысында Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Конституциясының 26-бабын ескі редакцияда қалдыруды ұсынды.
Айта кетсек, ҚР Конституциясының 26-бабында "Қазақстан азаматтары" деген сөздің орнына "Әрбір" деген сөзді қою ұсынылған еді.