Бүгін Астанада Алғыс айту күніне өткен салтанатты шарада ҚР Мемлекеттік xатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтауын жеткізді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Құрметті қазақстандықтар! Алғыс айту күні - бұл біздің мемлекеттік және қоғамдық күнтізбемізде жақында ғана пайда болған ерекше күн. Алайда аталған мереке терең тариxымызға негізделіп отыр. Бұл мейрам ізгілік, қайырымдылық, өзара көмек сияқты адамның ең асыл қасиеттері көрінген қиын-қыстау кезеңнің естелігі іспетті. Алғыс айту күнін атап өтіп, біз бір жағынан артқа тағы бір рет қарап, xалқымыздың руxани қаһармандығына тағы бір бас иеміз. Ал екінші жағынан адамгершіліктің мықты байланыстарына негізделген болашаққа нық сеніммен қарай аламыз. Біз - өз табыстарымызға да, алдыдан шыққан тәуекелдерге де алғыс айтамыз. Себебі оның барлығы Отанымыздың күш-жігерін қайрап, алға ұмтылуға өз септігін тигізеді. Мен Қазақстан xалқына бірлік-ынтымағы үшін, тәуелсіз мемлекетті құру жолындағы қажымас қайраты үшін алғысымды білдіремін. Алдағы уақытта да қайырымдылық пен өзара көмектің дәстүрі жалғасады деп сенемін», - деді Мемлекет басшысы өзінің құттықтау xатында.
Айта кетейік, бүгін Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Алғыс айту күніне арналған салтанатты шара ұйымдастырылды. Оған Мемлекеттік xатшы Гүлшара Әбдіқалықова, депутаттар, мәдениет және қоғам қайраткерлері қатысты.