02 там, 2022 сағат 19:12

Назарбаев Қасымбековті мерейтойымен құттықтады


Нұрсұлтан Назарбаев мемлекет және қоғам қайраткері Махмұд Қасымбековті мерейтойымен құттықтады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Елбасының баспасөз хатшысына сілтеме жасап.

"Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Канцелярия жетекшісі Махмұд Қасымбековті 70 жас мерейтойымен құттықтады" - деп жазды Айдос Үкібай Twitter парақшасында.

Махмұд Базарқұлұлы 1952 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген.

1974 жыл Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын математика мұғалімі мамандығы бойынша бітірген. 1985 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын «экономист» мамандығы бойынша аяқтаған. Сондай-ақ, 1990 жылы Алматы жоғары партия мектебін саясаттанушы мамандығымен тәмамдады.

Саяси ғылымдар докторы, профессор.