Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Bloomberg News агенттігіне сұхбат берді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат". Сұхбат "Хабар 24" арнасынан трансляцияланды.
"Біздің заңдар мен Конституция туралы айтар болсақ, ол бойынша мен кандидатурамды әлі де ұсына аламын, бірақ 2020 жылы не болатынын айтпаймын, өйткені бұған көптеген фактор әсер етеді. Мен үшін маңыздысы, мысалы, денсаулық беретін мүмкіндіктер, мен пайда әкелсем және ойлағаныма жетіп отырсам деймін. Мен айтамын, істеймін және баяндаймын. Мен уәдемді орындадым, мен үнемі солай етемін. Әдетте сайлау алды науқанда көп айтылатын қол жеткізу мүмкін емес, қаржымен қамтамассыз етілмеген бос жоспар ұсынбаймын. (...) Сондықтан, біріншіден, денсаулық, екіншіден, қарым-қатынас және ең бастысы - Қазақстан халықының қарым-қатынасы. Олар бұдан шаршамай ма? Қазіргідей қолдау болады ма?", - деді Назарбаев.