19 сәу, 2017 сағат 18:59

Назарбаев: Бізге көз алартып отырғандар бар (Видео)

Сырттан әсер етудің бір тәсілі - жат діни ілімдерді халық арасына сіңдіру. Бұл туралы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілдерімен кездесу кезінде айтты, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Қазақстанның аумағы үлкен, табиғи ресурстарға бай екені бәріне белгілі. Бізге көз алартып отырғандар бар. Бізді көре алмайтындар қоғамымызда алауыздық тудырғысы келеді. Бізге сырттан әсер етудің бір тәсілі - жат діни ағымдарды сіңдіру. Соңғы уақытта осындай үдеріс байқалып отыр. Мемлекетімізге қауіп төндіретін мұндай көріністермен күресуіміз керек. Осыған байланысты сіздерге үлкен міндет артылады", - дейді Назарбаев имамдарға. 

Елбасы ақпараттық технологиялар дамыған заманда Қазақстан ұлттық құндылықтарын, мәдениеті мен дәстүрін сақтап қалу керектігін атап өтті. 

Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтар үшін Ханафи мәзхабының қандай сипатта екеніне назар аударып, исламның осы бағыттағы негізін түсіндіре алатын мамандарды даярлау қажеттілігін айтты. 

"Бүгінде ҚМДБ-да 3800 имам жұмыс істейді. Жартысынан көбі діни сауатын көтеру курсынан өтті. Бірақ бұл жеткілікті емес. Имамдар мен мамандардың білімін қалай арттыру керектігін түсінуіміз керек. Білімді имам ғана дұрыс бағыт бере алады. Имамдар идеолог болу керек, олар сөз шеберлігі мен адам психологиясын меңгеруі қажет", - деді Елбасы. 

Видео: kaz.tengrinews.kz