Астанада Мемлекет басшысының қатысуымен Парламент палаталарының біріккен отырысы басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу" туралы ҚР заңының жобасы күн тәртібіне қойылды.
"Бүгін біз еліміз үшін тарихи мәселені шешу үшін жиналдық. Өздеріңіз білетіндей, қаңтарда конституциялық реформаны жария еттім, осыған байланысты бір ай ішінде бүкілхалықтық талқылауда болған заң жобасы дайындалды. Саяси партиялар, қоғамдық бірлестіктер, белсенділер және азаматтар белсенді түрде талқылауға қатысты. Осы тақырып бойынша 6 мыңнан аса материал жарияланды. Кейбір мақалалар азаматтардың ерекше бақылауына түсті. Талқылау қорытындысы бойынша алты мыңнан аса ұсыныс келіп түсті. Келісіп пішкен тон келте болмас", - деп отырысты ашты Нұрсұлтан Назарбаев.