Нұрсұлтан Назарбаев өзінің көмекшісі Абай Бисембаевты қайта тағайындады. Бұл туралы Тұңғыш Президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай мәлімдеді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
"Бүгін Елбасы өзінің көмекшісі Бисембаев Абай Айдарханұлын қайта тағайындады, ол Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқарушысының бірінші орынбасары қызметінен босатылды", - делінген хабарламада.