Назарбаев Астананың атауын өзгерту туралы ұсынысқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорадаға сілтеме жасап.
"Әр жерге "Нұр, Нұрлы" деген сөзді тыға беретін болыпты. Ал, оны бәрі менің атыммен байланыстырады. Халық жеке тапсырмаммен жүзеге асып жатқан бастамалар деп қате түсініп қалады. Мен ешкімге ондай болжам айтып, тапсырма берген жоқпын. Барлық мәселені біз салмақтап, өз ретімен шешеміз", - деді Мемлекет басшысы.
Еске салайық, Парламент Мәжілісінің депутаты Қуаныш Сұлтанов Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін Астана атауында көрсетуді ұсынған болатын.
Ұлт порталы