30 қыр, 2017 сағат 10:55

Назарбаев Астана қаласының 20 жылдығын мерекелеу туралы өкімге қол қойды

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласының 20 жылдығын мерекелеуді дайындау және өткізу мақсатында комиссия құруды тапсырды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақордаға сілтеме жасап.

Бұл туралы Мемлекет басшысының өкімінде хабарланды. Қазақстан Республикасының елордасы - Астана қаласының 20 жылдығын мерекелеу барысында "Ел жүрегі - Астана" концепциясын бекіту және комиссия туралы ереже мен комиссия құруды тапсырды. 

"Қазақстан Республикасының Үкіметі Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдерімен бірлесіп, екі ай мерзімде Қазақстан Республикасының елордасы - Астана қаласының 20 жылдығын дайындау және өткізу жөніндегі  іс-шаралар жоспарын әзірлеп, бекітсін. Қазақстан Республикасының елордасы - Астана қаласының 20 жылдығын өткізу жөніндегі іс-шараларды уақтылы қаржыландыруды қамтамасыз етсін.  Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін", - делінген хабарламада. .