19 қыр, 2020 сағат 11:16

Назарбаев Әбіш Кекілбаев атындағы музейге барды

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Әбіш Кекілбаев атындағы музейге барды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Елбасының ресми сайтына сілтеме жасап.

Музейді аралау кезінде Нұрсұлтан Назарбаев қазақтың белгілі жазушысының ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Сондай-ақ Елбасы Әбіш Кекілбаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған музей экспонаттарымен танысты. Соңында Қазақстанның Тұңғыш Президенті музейдің Құрметті қонақтар кітабына естелік жазба қалдырды.