Алматы қаласының тұрғыны Назым Юнусов қалалық №12 ауруханасында болғанда Денис Теннің өмірдің соңғы сәттерінде көргенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Жігіт өз оқиғасын Instagram желісіндегі парақшасында жариялады.
"Жедел жәрдем түрлі науқастарды жеткізеді. Мұнда бір науқасты алып келді, жанында дәрігерлер көп, көз қиығымды салып едім, қансыраған аяқты көрдім, қайта бұрылдым, қарау қорқынышты болды", - деп есіне алды Назым.
Оның айтуынша, кейін "Олимпиада чемпионы" деген сөз оның назарын аударған.
"Менің Олимпиада чемпионы болған досым бар. Сол себептен науқас жаққа қайта көзімді салдым. Нәтижесінде ... Денисті шамамен бір метр алшақта көрдім. Сезімімді, онда болған жағдайды қалай жеткізерімді білмеймін. Мен Дениспен таныс болмадым, бірақ ол туралы көп жағымды сөздер естігенмін. Сеніммен айта аламын, дәрігерлер қолынан келгеннің барлығын жасады, менің ойымша. Олардың саны өте көп болды", - деді ер жігіт.
Назым Юнусов фигуристің отбасы мен достарына көңіл айтты.
Еске салайық, 19 шілдеде Алматыда белгісіз біреулер Денис Тенді пышақтап кеткен болатын. Оқиға шамамен 15.00-де Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында болған. Кейін қалалық ІІД өкілдері Денис Тенге автоұрылар шабуыл жасағанын мәлімдеді. Сөйтсек, спортшы ұрылардың үстінен түскен болып шықты. Жанжал кезінде спортшының аяғына пышақ тиіп, көп қан жоғалтқан. Ол ауруханада көз жұмды.