20 ақп, 2024 сағат 16:09

Нашақорлардың саны ресми деректен бес-он есе көп болуы мүмкін - ІІМ өкілі


Қазақстанда есірткі тұтынатындардың саны ресми тіркелгендерден он есе көп болуы мүмкін. Бұл туралы 20 ақпанда өткен брифингте Есiрткi қылмысына қарсы іс-қимыл департаментi өкілі айтты деп хабарлайды «Ұлт Ақпарат».


Бүгінгі таңда 18 мыңнан астам тіркеуде тұрған адам бар деп айтылады, бірақ ол бес, алты емес, тіпті он есе көп болуы мүмкін. Сондықтан есепті анық білу үшін скрининг жүйесін жоспарлап отырмыз», - дейді ҚР ІІМ Есiрткi қылмысына қарсы іс-қимыл департаментi бастығының орынбасары Бақытжан Әмірханов.

Мамандардың айтуы бойынша есірткіге тәуелді адамдардың 91 пайызы ерлер, 9 пайыз әйелдер. Қазіргі уақытта психоактивті заттарды тұтынған деп тіркеуде тұрған 108 мыңнан астам бар. Олардың 18 мыңы есірткі немесе психотропты заттарға тәуелді деп есептеледі. Есірткіге тәуелділердің 15 пайызы 18-29 жас аралығындағы жастар. Нашақорлардың арасында балалар мен жасөспірімдердің саны 66 адам екен.