12 сәу, 2021 сағат 13:25

NASA қазақстандықтарды ғарышқа алғашқы адамның ұшуының 60 жылдық мерейтойымен құттықтады

NASA-ның 13-ші әкімшісі Джим Брайденстайн қазақстандықтарды ғарышқа алғашқы адамның ұшуының 60 жылдық мерейтойымен құттықтады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚР ІІМ баспасөз қызметінің Telegram парақшасына сілтеме жасап.

«Қазақстан халқын осындай маңызды тарихи күнмен құттықтаймын! Мен NASA әкімшісі Джим Брайденстайнмын. 60 жыл бұрын әлем Қазақстанда Байқоңырдан ғарышқа алғашқы адамның ұшуын бақылады. Соңғы 60 жылда көп нәрсе өзгерді. Бүгінгі күні біз Халықаралық ғарыш стансасында (ХҒС) әлем бойынша барлық елдермен әріптеспіз. ХҒС-да барлығы Байқоңырдың адамдарды ғарышқа жіберудегі орны туралы біледі. Сол себепті біз Қазақстан халқына осындай маңызды миссияның бөлшегі болғаны үшін алғыс айтамыз, сонымен қатар тарихи күнмен құттықтаймыз», - делінген видеоқұттықтауда.