28 қыр, 2023 сағат 15:27

Нариман Құрбанов - Азия ойындарының қола жүлдегері

Фото: Olympic.kz / Сабиров Сали

Ханчжоуда өтіп жатқан Азия ойындарында спорттық гимнастикадан ел намысын қорғаған Нариман Құрбанов қола жүлде жеңіп алды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Ат снарядында өнер көрсеткен 25 жастағы отандасымыз 15.100 ұпай жинады.

Алтын медаль тайпейлік Ли ЧИ-Кайға (15.500 балл) бұйырса, күміс жүлдені жапон Рета Цумура (15.166 балл) иеленді.

Айта кетейік, қазір Қазақстан құрамасының қоржынында 20 жүлде бар.