15 қыр, 2021 сағат 13:30

Мысырда Джосер перғауынның қалпына келтірілген көне мазары туристерге қайта ашылды


Сейсенбі күні Мысырда 4,5 мың жыл бұрын өмір сүрген Джосер перғауынның көне мазары қалпына келтірілген соң қайта ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат АР-ға сілтеме жасап.

Қорым Джосер пирамидасының жерлеу кешені аумағында оңтүстік қабір деп аталады. Негізінен жердің астында орналасқан, онда иероглиф және тақталармен безендірілген дәліздерден тұратын лабиринт бар. Орталық қабірдің шахтасында Мысырдың үшінші әулеті дәуіріне жататын гранитпен қапталған үлкен саркофаг орналасқан.

Алайда перғауын бұл қорымда емес, жақын маңда орналасқан Саккарадағы Сатылы пирамидасында жерленген. Бұл екі құрылыс елдің ең бай археологиялық ескерткіштерінің бірі – Каир жанындағы Саккара кешенінің бір бөлігі.

ЮНЕСКО мәліметінше, сатылы пирамида – ең танымал көне пирамида және көне дәуірдің монументалды сәулетінің бірінші нұсқасы. Бұл құрылыс Гизадағы пирамидалардың салынуына себерші болған деп саналады. Мысыр елінің Ежелгі дәуір мен туризм министрлігі мазардың 2006 жылы басталған реставрациялық жұмысы (жерасты дәліздерді нығайту, қабырғаларды қалпына келтіру және жарық орнату) аяқталуының құрметіне ашылғанын мәлімдеді. Сейсенбі күні мазар келушілер үшін есігін ашты.

Оңтүстік мазардан басқа, Саккара үстіртінде кем дегенде 11 пирамида, сондай-ақ ежелгі билік өкілдерінің жүздеген қорымы мен басқа ескерткіштер орналасқан. Саккара — Мысырдың Каир қаласынан оңтүстікке қарай 30 шақырым жерде орналасқан қоныс.

Саккарада Ежелгі патшалық астанасы – Мемфиса көне некрополі орналасқан. Мемфиса үйінділері 1970 жылдары ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұрасы тізіміне енгізілген.

Елде Мысырдың туристік секторына қызығушылық тудырту мақсатында соңғы жылы жүргізілген археология қазбалары кезінде олжалар туралы ақпарат жарияланды. Туризм саласы 2011 жылғы көтеріліс пен коронавирус пандемиясы салдарынан қатты зардап шеккен еді.