Фото: ашық дереккөз
Түркістан облысында экстремистік ұйымдардың екі қатысушысы жеті жылға сотталды, деп хабарлайды Ult.kz.
Бас прокуратураның мәліметінше, Жамбыл облысының тұрғыны бірнеше ай бұрын «Ислам үшін» деп аталатын телеграм-арнасын ашқан. Сол арнада ол елде тыйым салынған «Мұсылман бауырлар» және «Өзбекстан – ислам қозғалысы» халықаралық террористік ұйымдарының бейнежазбаларын орналастырған.
Ал Түркістан облысының тағы бір сотталған тұрғыны «Хизб-ут-Тахрир» экстремистік қозғалысын WhatsApp және Facebook арқылы насихаттаған.