01 ақп, 2023 сағат 10:59

Мүслім Оңдағанов бостандыққа шықты

Фото ашық дереккөзден алынды

2014 жылы 12 жылға сотталған Батыс Қазақстан облыстық спорт басқармасының бұрынғы басшысы Мүслім Оңдағанов бостандыққа шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz порталы "Мой ГОРОД" сайтына сілтеме жасап. 

Айта кетейік, Оңдағанов ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, бюджет қаражатын жымқырған деген күдікке ілінген болатын. Артынша экс-шенеуніктің қамауда отыру мерзімі 9 жылға қысқарған еді. 

2020 жылдың тамызында Оңдағанов Қостанай облысындағы колониядан шартты түрде мерзімінен бұрын босатылды. Ол жеті жыл, үш ай қамауда отырды. Бұл - жалпы мерзімнің үштен екі бөлігі.

Алайда, 2020 жылғы 19 тамызда Қостанай облыстық сотының қаулысы шығып, оған сәйкес Мүслім Оңдағанов қайтадан қамауға алынды.

31 қаңтарда облыстық спорт басқармасының бұрынғы басшысы жазасын толығымен өтеп, бостандыққа шықты. Ақпаратты оның адвокаты Абзал Құспан растады.