30 қар, 2016 сағат 12:47

Мұрат Әбенов: «Менің елім» бағдарламасы аймақтарда әлеуметтік инфрақұрылым қалыптастырады

 

«Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының «Менің елім» бағдарламасы аймақтар тұрғындарына жоғары сапалы қалалық ортаға қолжетімділігін кеңейтеді.

«Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Мұрат Әбеновтың айтуынша, «Менің елім» әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы аймақтарда әлеуметтік инфрақұрылым қалыптастырады және өмір сүру деңгейінің сапасының көтерілуін қамтамасыз етеді.

«Астана қаласында спорт алаңдарын салып, артынан жоғары лауазымды тұлғаларының көпшілігінің назарына ұсыну оңай. Бірақ қарапайым адамдар үшін мұндай жобадан келер пайда аз екеніне сенімдімін. «Менің елім» бағдарламасының кереметі сол, аймақтарда қайта жаңартылып, құрылып жатқан әлеуметтік инфрақұрылымдарды тек «Самұрық-Қазына» тобына кіретін кәсіпорындардың қызметкерлері ғана емес, сондай-ақ осы аймақтың барлық тұрғындары пайдалана алады, - деді Мұрат Әбенов.

«Самұрық-Қазына» АҚ «Менің елім» қатысатын өңірлерде Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған әлеуметтік инвестициялардың бағдарламасын іске қосты. Бағдарлама мақсаты аймақтарда өмір сүру сапасын арттыру, халықтың сапалы қалалық қоршаған ортаға, білім беру, денсаулық сақтау және мәдениет нысандарына қол жетуізуін кеңейтуге бағытталған. Бағдарлама елімізддегі «Самұрық-Қазына» АҚ холдингінің тау-кен өндіру және қайта өңдеу компаниялары орналасқан аумақтарын қамтитын болады. Бірінші кезеңде (2016-2017 жылдар) бағдарлама Ақмола, Павлодар және Маңғыстау облысын қамтитын болады, ал алдағы жылдары - елдің басқа алты өңірінде жүргізіледі. Жыл сайын осы жобаны іске асыру үшін 3 млрд теңгеге дейін бөлу жоспарланған. Бағдарлама әкімгері ретінде «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту Қоры аталды.

 «Менің елім» бағдарламасы аясында Samruk-Kazyna Trust тізімі сарапшылық-консультативтік кеңесте қаралатын жобалар байқауын өткізеді. Ең бастысы, жергілікті халықтың пікірін ескере отырып шешім қабылданады», - деп сөзін жалғады.

«Менің елім» бағдарламасы төрт векторда жұмыс жасайды. Ең маңыздыларының бірі аймақтарда әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту, яғни ойын-сауық орталықтарын қалпына келтіру, отбасылары мен балаларды, қарттар мен ерекше қажеттіліктері бар адамдарды қолдау болып табылады. Сонымен қатар, бағдарламаны жүзеге асыру аясында мәдени іс-шаралар өткізу, сондай-ақ қоршаған ортаны көгалдандыру бойынша ландшафттық және экологиялық жобалар ұйымдастыру жоспарлануда. «Менің елім» бағдарламасының өңірлер тұрғындарының демалысы үшін аса маңызды келесі блогы, ол мәдени және тарихи ескерткіштерді жаңғырту, халық өнерін, қолданбалы өнерді дамыту және шағын қалалар мен ауылдарда мәдени іс-шараларға деген сұранысты ынталандыру болып табылады. Бағдарламасының төртінші бөлігі салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған жобаларға арналады.