09 қыр, 2024 сағат 15:56

Мұрат Әбділда бостандыққа шығып, анасымен қауышты


Әлеуметтік желі арқылы танылып, әуесқой әнші атанған Мұрат Әбділда бостандыққа шықты. 

Блогердің адвокаты Молдахан Әділетхан әншінің анасымен қауышқанын айтты. 

"Алматы-Шымкент бағытына ұштық. Мұрат Әблділданы шығарып аламыз", – деді заңгер жеке парақшасында. 


Сонымен қатар желі жұлдызын күтіп алуға анасы мен “Миллион” командасының жігіттері келген. 

"Мен – Мұрат Әбділда. 2024 жылдың 9 қыркүйегінде бостандыққа шықтым", – деді блогер-әнші. 


Еске салайық, Қазақстандық блогер Мұрат Әбділда соттан мерзімінен бұрын босатуды сұраған еді.