Украина тарапының бастамасы бойынша Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Украинаның Сыртқы істер министрі Дмитрий Кулебамен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Ведомство мәліметінше, тараптар Украинадағы қазіргі жағдайды және Киев пен Мәскеу арасындағы келіссөз перспективасын, сондай-ақ екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылаған.