27 мау, 2018 сағат 09:17

Мұхтар Әблязовтің экс-серіктесі өлі табылды

Ұзақ уақыт бойы БТА Банкінің экс-төрағасы Мұхтар Әблязовпен қызмет еткен бизнесмен Сергей Шекланов "Галс" яхта клубында өлі табылды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz  РЕН ТВ арнасына сілтеме жасап.

Оның денесі 24 маусымда табылған, бірақ ол туралы бірнеше күннен кейін белгілі болған.

Кейбір мәліметтерге қарағанда, денесінде зорлық белгілері жоқ. Сергей Шекланов жүрек-тамыр қызметінің жеткіліксіздігінен көз жұмған деген болжам бар.

Сергей Шекланов - "БТА-Казань" мен "Руснефтехима" банктерінің бұрынғы басшысы